12 желтоқсан 2020 12:30

ER-BATYR жобасында Мади Сыпатаев: жат елдегі патриотизм мен Димаш Құдайбергеновпен коллаборациясы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында танымал дизайнер және Marino Madi брендінің негізін қалаушы Мади Сыпатаев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында неліктен жат елде жүргенде патриоттық сезім оянатынын, Димаш Құдайбергеновпен коллаборация жұмысы, сондай-ақ әкесінің үлгі-өнегесі туралы айтып береді.  


ER-BATYR жобасында танымал дизайнер және Marino Madi брендінің негізін қалаушы Мади Сыпатаев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында неліктен жат елде жүргенде патриоттық сезім оянатынын, Димаш Құдайбергеновпен коллаборация жұмысы, сондай-ақ әкесінің үлгі-өнегесі туралы айтып береді.  

Жобаның жаңа шығарылымын бүгін сағат 20:00-де ER-BATYR YouTube каналынан қараңыздар. Сондай-ақ, оны 19.30-да "ВКонтакте" желісіндегі Tengrinews.kz парақшасынан да қарай аласыздар.

Жобаның ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Мади Сыпатаев - дизайнер және Marino Madi брендінің негізін қалаушы, оның теңіз стиліндегі киімдерін Еуропада және Францияда сатылады. Туған жері - Алматы. Математиктердің отбасында дүниеге келген. Университет бітіргеннен кейін банк саласында жұмыс істеуді жоспарлаған. Ол жергілікті құрылыс компаниясында жұмыс істеп бастап, менеджерден бас директордың орынбасары лауазымына дейін көтерілген. Артынша кәсіп бастауға бел байлаған. 

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-каналынан қараңыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети