16 мамыр 2021 19:00

ER-BATYR жобасында Нұрлан Қоянбаев: Артыңнан жақсы ұрпақ қалдыру керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

ER-BATYR жобасында - продюсер және танымал актер Нұрлан Қоянбаев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында оған мамандық таңдауда ең алдымен кім әсер еткенін, неліктен әкесі хайптан аулақ жүруді сұрағаны, өзіңнен кейін жақсы ұрпақ қалдырудың маңызы туралы айтып, сондай-ақ Түркиядан үй алып, көшіп кеткені туралы қауесеттерге жауап берді. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.


ER-BATYR жобасында - продюсер және танымал актер Нұрлан Қоянбаев. Ол Тимур Балымбетовпен сұхбат барысында оған мамандық таңдауда ең алдымен кім әсер еткенін, неліктен әкесі хайптан аулақ жүруді сұрағаны, өзіңнен кейін жақсы ұрпақ қалдырудың маңызы туралы айтып, сондай-ақ Түркиядан үй алып, көшіп кеткені туралы қауесеттерге жауап берді. Жаңа шығарылымды ER-BATYR YouTube-арнасынан көре аласыздар.

Жоба ұйымдастырушылары - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan қоғамдық қоры. Ақпараттық серіктестер - "Жетінші арна", Vostok FM радиоарнасы және "ВКонтакте" әлеуметтік желісі. Жобаның серіктесі - Altel ұялы байланыс операторы.

Актер Түркияға көшіп кеткені туралы қауесеттерге жауап берді.

"Бір нүктесін қояйық - мен көшкен жоқпын. Түркия, Ыстамбұлға барған кезде 35 күндей қонақүйде тұрдық. Қонақүйде тұру өте қымбат, сценаристермен барғанбыз, мен отбасыммен жүрдім. Сондықтан біз Қадыр Доғулуға айтқанбыз: "Қадыр, қонақүйде қиын болып жатыр. Үй тауып бере аласың ба?" дедік. Ол үй тауып берді, "маған көрші боласың" деді. Үйінің жағында үлкен вилла алып берді: бассейні бар, пальмасы бар. Сосын мен "мына жер қымбат, мен жұмыс істеуге келген адаммын, маған екі бөлмелі пәтер болады" дедім. Бірақ ол сосын үй иесімен келісіп қойған, өзі келісімшартқа қол қойған, мен жоқпын және өзі ақшасын төлеп тастаған. "Неге төледің?" десем, "Жоқ, бәрі дұрыс, бермесең бермей-ақ қой, менің атымнан" дейді. Қалай бермейсің? Сөйтіп бір-екі айдан кейін Алматыдан аударып, жауып тастадым. Жалпы, үй сатуға да, сатып алуға да барған жоқпын. Жұмыспен барған адаммын. Шетелде ешқандай үйім жоқ. Бірақ болып жатса айтамын", - дейді актер.

Нұрланның сөзінше, оның мамандық таңдауына ата-анасы себеп болған.

"Мен Шиелінің қарапайым жігітімін. Шиелі кезінде ата-анама әсер еткен, ата-анам маған қатты әсер етті. Себебі, әрине, басты тәрбие, өмірге деген бағытты үйден аласың. Анам өнерге келуіме көп әсер етті. Анамызбен жиі сөйлесеміз ғой. Апта сайын анам "Нұрлан, не істеп жатырсың? Ойларың қандай?" деп. Мен анамнан ақыл сұраймын. Әкеміз көп сөйлемейді. Шамалы қисық кетіп бара жатсақ түзейді де, ал дұрыс бара жатсақ ешнәрсе айтпайды. Арқамнан қағып қояды. Кейде керек емес, өтірік негатив Instagram-ға шығып кетеді де, әкем "Нұрлан, сондайдан аулақ жүрші" дейді. Мен түсінемін, өйткені әкемнің өзінің достары бар. Ешқандай хайпсыз жүруімді сұрайды", - дейді продюсер.

Нұрлан 13 жыл отасқан жарына үнемі қолдап жүретіндігі үшін алғысын білдіретінін айтады.

"Кейде үндемей отырып қалған кезде: "Не, бірнәрсе болып қалды ма?" дейді. Мен "Жоқ" деймін. "Енді көңіліңді көтерсей, болады ғой бәрі: пәтерің бар, бала-шағаң жаныңда, аман-есен мектепке барып жүр, ата-анаң жаныңда" дейді. Сондай сөздерден кейін "а, шынымен" деп ойланасың. Бүгін он теңге шығар, ертең 100 теңге болар деп. Қайтқыза бастайсың. Кейде шынымен өнер адамдарына әсер етеді: қанша жұмыс істеп жатсаң, жұрттар "миллионерсің" деп ойлайды ғой. Шынымен де ана жерде жетіспейді, мына жерде жетіспейді. Сосын "өнерді тастаймын, қойшы" деп ойлайсың. Тұшпара шығарамын, шұжық жасаймын деп", - дейді актер.

Сонымен қатар, актер адамның басты мақсаты туралы ойын айтты.

"Адамның басты мақсаты, менің ойымша, өзінен кейін жақсы ұрпақ қалдыру. Менің ойымша, сол басты мақсат. Яғни Жаратылыстың мақсаты әйел мен ер адам қосылып, одан бір адам шығуы. Басқа бір мақсат жоқ сияқты адамдардың. Tesla, iPhone, сағат шығару өмірге керек нәрсеге әрине адам болғаннан кейін еңбек етуіміз керек, тырысуымыз керек. Бірақ өмірдің мәнін іздеп қатты қуып кетпеу керек. Менің ойымша, жақсы адам болу керек, жақсы отбасы құрып, жақсы бала тәрбиелеу керек", - дейді Нұрлан.

Нұрлан оның функциясы адамдарды күлдіру екенін айтады.

"Осы комедияда жұмыс істегім келе береді. Осы адамның көңіл күйін әзіл арқылы көтергім келеді. "Нұрлан, сенің мамандығыңның мәні жоқ. Салмақты нәрсемен айналыссайшы, 40-қа келдің ғой" дейді. Білмеймін, он адам күлсе күшті сияқты. Адамды ЛРТ, бастық күлдіре алмайды. Адамды әзіл, эмоция сол жағдай күлдіреді. Біз кинода сол жағдайды ұйымдастырамыз, ойластырамыз және адам одан күледі. Бір жарым сағат адамның көңіл күйі көтеріледі. Ол жұмыс қой, біреу онымен айналысуы керек: мен кетем, Тұрсынбек кетеді, басқасы кетсін, кім айналысады? Бәріміз барып Жоңғарлармен соғысты көрсете берейік онда. Ал менің функциям күлдіру, мен күлдіртемін. Комедияда басқа мән іздеудің қажеті жоқ. Бастысы - көңіл күй", - дейді ол.

ER-BATYR - ер адамдарға арналған ерлер туралы, ер адамның қоғамдағы ролі, оларға артылған жауапкершілік пен саналы ер адамның отбасының және қоғамның дамуына қосатын үлесі жайлы жоба. Жоба аясында танымал кәсіпкерлер, спортсмендер, түрлі мамандық иелері өмір құндылықтары, жанұясының тұрмыс-салты, сондай-ақ ер адамның отбасындағы және қоғамдағы ролі туралы айтады.

Бұған дейін жоба қонақтары футболшылар Давид Лория мен Самат Смақов, актерлер Тәуекел Мүсілім мен Санжар Мәди, шоумен және тележүргізуші Марат Оралғазин, коммуникация бойынша маман Әлішер Елікбаев, "Фридом Финанс" компаниясының бас директоры Тимур Турлов, кәсіпкер Райымбек Баталов, медиамагнат Арманжан Байтасов, Asar-ume қайырымдылық қорының негізін қалаушы Асхат Нұрмашев, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеев болған.

Жобаның барлық шығарылымын ER-BATYR YouTube-арнасынан қараңыздар. Жобаның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы - erbatyrkz.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети