Астанадағы Орталық телекоммуникациялар орталығында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау өңірдің транзиттік және көліктік-логистикалық әлеуетіне тоқталып, бұл салада да аймақтың потенциалы жоғары екенін ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы Орталық телекоммуникациялар орталығында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Маңғыстау өңірдің транзиттік және көліктік-логистикалық әлеуетіне тоқталып, бұл салада да аймақтың потенциалы жоғары екенін ерекше атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Республиканың және өңірдің транзиттік әлеуетін дамыту бағытында облыста инвестициялық құны 215 миллиард теңге болатын 9 ірі инвестициялық жобаларды іске асырылып жатыр. Олар:
1. "Құрық портындағы паром кешені"
2. "Шетпе - Бейнеу", 300 шақырым;
3. "Жетібай - Жаңаөзен", 73 шақырым;
4. "Бейнеу - Ақжігіт - Өзбекстан шекарасы" 84 шақырым;
5. "Құрық - порт Құрық", 22 шақырым;
6. "Ата жолы", 51 шақырым;
7. "Жыңғылды - Шайыр - Шерқала", 30 шақырым;
8. "Қияқты - Тұщықұдық", 23 шақырым;
9. "Ақтау - Қаламқас" және "Таушық - Шетпе", 84 шақырым.
Осы жобалардың ішіндегі ең ірісі - Құрық портындағы паром кешені. Паром іске қосылғаннан бері 3 миллион тонна жүк жөнелтілді.
Автомобиль кешені толық қуатына енген кезде жүк тасымалының көлемі жылына 4 миллион тоннаға жетеді. Жалпы 2020 жылға дейін болжам - контейнерлік тасымалды 60 есеге дейін арттыру.
Бұл болжамды жүзеге асырудың негізгі факторларының бірі "Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан" шекарасы" автомобиль жолының іске қосылуы. Жаңа жолдың құрылысы тәулігіне 1,5 мыңнан 7 мыңға дейін артыруға мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы республикалық жолдармен қатар ауыларалық және ауылішілік жолдарды дамытудың маңызын атап көрсетті. Жыл сайын осы мақсатқа бюджеттен 8 миллиард теңге қаржы бөлініп тұрады. Бұл өз кезегінде 150 шақырымға жуық жолдарды жөндеу және құрылысын жүргізуге мүмкіндік беретіні айтылды.
"Елбасының тапсырмасы бойынша өңірде іске асырылатын маңызды бағыттардың бірі кәсіпкерлікті қолдау көрсету. Жұмыс екі бағытта жүргізілуде: микрокредит беру және өңірлік бағдарламаны іске асыру.
Биыл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсіммен 1,8 миллиард теңге микрокредит бөлінді. Нақтысы 310 адамға 1,6 миллиард теңгеге микрокредит берілді. Сонымен қатар, басқаларда баламасы жоқ,1 пайызбен несие берілетін "Нұр капитал" өңірлік бағдарламасының іске асырылуда. Құны 3,4 миллиард теңге болатын 200-ге жуық бизнес өтінімдер екінші деңгейлі банктерде қаралуда (30 кәсіпкерге 641 миллион теңге сомасына несие берілді).
Нәтижесі: аудан мен ауылда жаңа 10 шағын кәсіпорын құрылып, 316 жаңа жұмыс орны ашылады.
"Мемлекет тарапынан көрсетілген осындай қолдаулар нәтижесінде шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 46 мыңнан 51 мыңға дейін артты", - деді өңір басшысы Ералы Тоғжанов. (2017 жыл 10 ай - 46 мың бірлік немесе өсім - 8,4 пайыз, 2017 жыл - 47 мың бірлік немесе өсім - 6,4 пайыз). Өткен жылдың 10 айымен салыстырғанда 118,6 пайыз өсіммен 31 070 жұмыс орны құрылды (2018 жылдың жоспары 26 мың жұмыс орны, 2017 жыл 10 ай - 26 203 жұмыс орны).
Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға, жастар арасындағы жұмыссыздық 3,1 пайызға дейін азайды. Өңір экономикасының перспективалы бағыттарының бірі - агроөнеркәсіп. Саланы дамыту бағытында 5 жылдық Концепция жасақталып, орталық органдармен келісілді. Есепті кезеңде 13 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өсім 103,5 пайызға жетті.
Жыл басымен салыстырғанда мал саны 13 пайызға немесе 502 мыңнан 565 мыңға дейін өсті. Жылыжайлар саны 1,5 есеге өсіп, 41 бірлікке жетті.