Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша іс прокуратураға берілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша іс прокуратураға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі іс фигуранттарының бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Серік Сәрсеновке сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ерасыл Әубәкіровтің өлімі бойынша іс прокуратураға жіберілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі іс фигуранттарының бірі Нұрбек Әжімбайдың адвокаты Серік Сәрсеновке сілтеме жасап. 

Сәрсеновтің айтуынша, тараптар 27 томнан тұратын іспен танысып болды. Осыдан кейін адвокаттың айтуынша, іс не сотқа беріледі, не қайта тергеуге жіберіледі. Сәрсенов істің прокуратураға берілгенінен кейін іс мәліметтерін жария етпеу туралы қолхаты күшін жойды. 

Алайда Сәрсеновтің мәліметінше, осы іс бойынша жәбірленуші ретінде Ерасыл Әубәкіровтің туыстары ғана емес, сонымен қатар Аян Мейірбаев пен оның әкесі де танылып отыр екен. 

Адвокаттаың айтуынша, іспен танысқаннан кейін ол осы іс бойынша болып өткен өндірісті жарамсыз деп тауып, Нұрбек Әжімбайды қылмыстық қудалауды тоқтатуға өтініш берген. Себебі Қылмыстық-процесстік кодекс заңнамасы айтарлықтай бұзылған. Нақтырақ айтқанда, Сәрсеновтің айтуынша, бұл ер адамның қорғануға құқығы болмаған.

Еске салайық, Астанада Медицина Университетінің алтыншы курс студенті, 23 жастағы Ерасыл Әубәкіров 3 ақпанда жоғалып кеткен болатын. Жас жігіттің жоғалып кеткені туралы ақпаратты әлеуметтік желілерге досы Диас жариялаған еді. Әубәкіровтің денесі 10 ақпанда жедел-іздестіру жұмыстарының барысында табылды. Қылмыс жасады деген күдікпен төрт адам ұсталды. Әубәкіров интерн-хирург болған. Студенттің достары оның үздік оқығанын, белсенді болып, қатарластарымен жақсы қарым-қатынаста болғанын атап өтті.

Адам өлтірді деген күдікпен төрт адам ұсталды - Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай. Шілде айының соңында негізгі күдіктілердің бірі саналған Аян Мейірбаевқа қатысты қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны белгілі болды. Ол бостандыққа шықты. Қалған үш күдіктіге қатысты 10 тамызға дейін қамау мерзімін ұзарту туралы шешім шығарылды. Шілде айының басында осы іс бойынша тергеу аяқталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro