Ерасыл Әубәкіровтің ісі: Аян Мейірбаев пен оның әкесі жәбірленуші ретінде сотқа қатыспақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерасыл Әубәкіровтің ісі: Аян Мейірбаев пен оның әкесі жәбірленуші ретінде сотқа қатыспақ Аян Мейірбаев

Ерасыл Әубәкіровтің жантүршігерлік өліміне қатысты істе жаңа дерек шықты. Бүгін жазадан оңай сытылып кеткен Аян Мейірбаев пен оның әкесінің сотқа жәбірленуші ретінде қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерасыл Әубәкіровтің жантүршігерлік өліміне қатысты істе жаңа дерек шықты. Бүгін жазадан оңай сытылып кеткен Аян Мейірбаев пен оның әкесінің сотқа жәбірленуші ретінде қатысатыны белгілі болды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ал студенттің  қазасына айыпталушылардың бірі - Нұрбек Әжімбайдың үшінші адвокаты болып Серік Сәрсенов іске кірісті. Айта кетейік, ол 4 жыл бұрын "Арқанкергенде" 15 сарбазды қырып салған Владислав Челахтың қорғаушысы болатын.

Челахты ақтай алмай сотта талай шу шығарған Серік Сәрсенов "Ерасыл ісімен" бастан-аяқ танысып үлгеріпті. Айтуынша, материалдар прокуратураға берілгендіктен істі құпия ұстау шарты өз күшін жойған екен. Тергеу материалдарын оқып шыққан Сәрсенов өрескел заң бұзушылықтарға байланысты  22 жастағы Нұрбек Әжімбайға қатысты қозғалған істің  жабылуын сұрап өтініш жазған. Сәрсеновтың айтуынша, басты айыпталушылардың бірі болған Аян Мейірбаев пен оның  өскемендік кәсіпкер әкесі сотқа жәбірленуші  ретінде қатыспақ.

"Мейірбаев 2 бап бойынша сотқа жәбірленуші ретінде қатысқалы жатыр. Оның әкесі де "менен ақша бопсалады" депті. Сондықтан ол да жәбірленуші. Ал мен қорғауыма алған Нұрбек Әжімбайдың тергеу басталғаннан барлық конституциялық құқығы бұзылған. Осы себепті оған қатысты  қылмыстық іс тоқтатылуы керек. Болмаса, қайта тергелсін", - деді Нұрбек Әжімбаевтың адвокаты Серік Сәрсенов.

Серік Сәрсенов тек сотқа дейінгі материалдарды қарауға көмектесетіндіктен Астанадағы процеске қатыспайды. Бір қызығы, Ішкі Істер министрлігі осы Аян Мейірбаевтың  Ерасыл Әубәкіровке жәбір көрсетіп жатқан видеосына қарамастан  оны 3 ай бұрын босатып жіберген. Сөйтсе, полицейлер Мейірбаевтың әрекетінен қылмыс ізін таба алмаған. Ақпан айында қала сыртынан өлі денесі табылған Медицина университеті студентінің өліміне күдікті ретінде 4 адам, яғни Аян Мейірбаев, Андрей Тихоненко, Виталий Шерстенев және Нұрбек Әжімбай ұсталған еді. Енді тамыз айының соңына таман басталатын сотта айыпталушылар орындығына тек үшеуі отыратын болды. (Дереккөз: КТК)

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети