Ербаян Мұхтардың ісі бойынша әлі күдіктілер жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ербаян Мұхтардың ісі бойынша әлі күдіктілер жоқ видео кадры

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев қызмет барысында ауыр бас жарақатын алып, еңбекке жарамсыз болып қалған мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтар ісі бойынша тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев қызмет барысында ауыр бас жарақатын алып, еңбекке жарамсыз болып қалған мерзімді әскери қызметші Ербаян Мұхтар ісі бойынша тергеудің қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мақсат Қазиевтің айтуынша, бұл іс бойынша тергеу әлі жалғасып жатыр.

"Оперативті-тергеу шараларының кешені жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта тергеудің нәтижелері туралы пікір білдіре алмаймыз, себебі бұл Қылмыстық кодекстің 201-бабына сәйкес көптеген адамның мүдделеріне қатысты. Тергеу Бас прокуратура мен бас әскери прокурордың ерекше бақылауында. Ұлттық ұлан ата-анасымен байланыста", – деді Қазиев.

Сондай-ақ, ол бұл іс бойынша нақты күдіктілердің әзірге жоқ екенін, тек белгілі бір адамдар тобының тергеу аясында тексеріліп жатқанын атап өтті.

Еске сала кетейік, Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында ауруханаға түскен. Оған бес операция жасалды, бірақ нәтиже болмады. Жас сарбаз қызмет еткен Ұлттық ұлан әскери бөлімінде оның дәретханада құлап, басын плиткаға соққаны туралы ата-анасына хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети