Ерболат Досаев Қызылордадағы шыны зауытымен болған жағдайға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Досаев Қызылордадағы шыны зауытымен болған жағдайға қатысты пікір білдірді © Тұрар Қазанғапов

"Бәйтерек ҰБХ" басшысы Ерболат Досаев Қызылорда облысындағы шыны өндіру зауытындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бәйтерек ҰБХ" басшысы Ерболат Досаев Қызылорда облысындағы шыны өндіру зауытындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шымкентхиммонтаж" ЖШС жұмысының қорытындысына қатысты мәселелер мен сол бойынша қолданылуы тиіс шараларды біздің тарап жұмаға дейін шешу керек. Яғни, "Шымкентхиммонтажға" міндеттерін атқармауына байланысты шағымдар түсіп жатыр. (...) Осы мәселе бойынша қажетті шаралар қолданылатын болады", - деді Досаев.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюроның мәліметінше, Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаражатты жымқырған. "Бәйтерек ҰБХ" Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысында "Orda Glass" ЖШС және оның мердігер ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрған. Қылмыстық жоспарға осы аталған ұйымдардың жетекшілері Д.Ибрашев , Ж.Исабек және М.Кожабаев тартылған", - делінген еді хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети