Ерболат Жанәбіловтің ісі бойынша қылмыстық іс жүргізіледі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Жанәбіловтің ісі бойынша қылмыстық іс жүргізіледі Фото ©️ Tengrinews.kz

Апелляция алқасы блогер Ерболат Жанәбіловтің ісі бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апелляция алқасы блогер Ерболат Жанәбіловтің ісі бойынша шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананың апелляциялық соты Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

"Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 15 қыркүйектегі қаулысы өзгеріссіз қалдырылсын. Қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді", - деді судья Жанна Нұрғалиева оқыды.

Осылайша сот алдыңғы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Ерболат Жанәбіловтің ісі қылмыстық іс ретінде қайта жіктеледі. Айта кетейік, блогердің жұбайы Эльмира Төлегеноваға қатысты шешім де өзгеріссіз қалды.

Дау қалай өрбіді?

Бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 көлік ойнатылатынын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген, репост жасау ғана. Алайда 21 тамызда оқырмандар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жұрт арасында наразылық тудырды.

Кейінірек Жанәбіловтер ұйымдастырған даулы конкурс сотқа жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети