06 ақпан 2014 18:04

Ерболат Құдайбергенов көлік жүргізу құқынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Құдайбергенов Фото ©Нұрғиса Елеубеков Ерболат Құдайбергенов Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Белгілі қазақстандық әнші Ерболат Құдайбергенов сот шешімімен 4 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған сотының ақпанның 3-і күні шығарған шешіміне сәйкес Қазақстан халқының басым көпшілігі жатқа айтатын "Мен қазақпын" және "Біздің жігіттер" әндерімен танымал болған әнші 4 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған. "Оны полиция қызметкерлері тоқтатқанда, аяғынан тұра алмайтындай жағдайда болды" делінген сот өкілдері таратқан мәліметте. Әншіні ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 467 бабы (Көлікті мас күйінде жүргізді, есірткіні пайдаланды немесе көлікті спирттік ішімдік ішкен адамның жүргізуіне ерік берді) бойынша жауапқа тартқан. Ал бұл бап бойынша адам әкімшілік жауапқа тартылып қана қоймай, кемі 4 жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады екен. Естеріңізге саламыз 2012 жылы желтоқсанда қазақстандық тағы бір әнші Қайрат Түнтеков та ішімдік ішіп алып, жол ережесін өрескел бұзып қана қоймай, Назира Есенаманова есімді қыздың Toyota Land Cruiser 100 көлігімен соқтығысып қалған болатын. Ол кезде сот оны 2 жыл 9 ай көлік жүргізу құқынан айырып, 40 күнге дейін қамауда ұстау туралы үкім шығарған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети