06 тамыз 2016 | 08:31

Ердоған: Әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін Түркияға келген бірінші президент - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Елбасы Түркия Республикасының Президентімен келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Елбасы Түркия Республикасының Президентімен келіссөздер қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз мәслихатын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мәселелері қаралған кездесулердің жемісті өткеніне тоқталды.

"Түркия - Қазақстанның ең жақын әрі сенімді саяси және экономикалық әріптестерінің бірі. Бүгінде ортақ тарих пен рухани мұраға негізделген қарым-қатынасымыз өрістей түсуде. Байланыстарымыз бірте-бірте ілгерілеп, қазір стратегиялық сипатқа ие болып отыр. Қазақстан бауырлас түрік халқына үнемі толық қолдау көрсетеді және әрқашан қол ұшын беруге дайын. Бұл сапар екі елдің қарым-қатынастарын одан әрі нығайта түсуге септігін тигізеді деп сенемін", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы өзара іс-қимыл бойынша бірқатар уағдаластыққа қол жеткізілгенін де атап өтті.

"Қазір елімізде түрік капиталының қатысуымен 1600-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді. Түрік бизнесінің өкілдері жаңа елордамыздың құрылысына белсене атсалысты. Түрік компаниясының өкілдері бүгінге дейін елімізде 20 миллиард доллар көлемінде мердігерлік жұмыстар атқарып, 460 нысан пайдалануға берілді. Елдеріміздің арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2 миллиард  долларды құрады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті Р.Ердоғанның өткен жылғы Астанаға сапары аясында қабылданған "Жаңа синергия" бірлескен экономикалық бағдарламасының маңыздылығына тоқталды.

"Біздің міндетіміз - өзара тауар айналымын 10 миллиард долларға жеткізу. Бағдарлама аясында жалпы құны шамамен 813 миллион долларды құрайтын 20 инвестициялық жобаны іске асыру қарастырылған. Түркияның инфрақұрылымы дамыған маңызды транзиттік ел екенін ескеріп, мен бауырлас түрік халқын "Нұрлы Жол" бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысуға шақырдым. Осыған орай, Қазақстан-Түркия индустриялық аймақтарын құру жұмыстары аса маңызды. Бұл қадамдар екі елдің экономикалық әлеуетінің әрі қарай дамуына серпін береді", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі бойынша жаппай күш жұмылдырудың маңыздылығына да назар аударып, біздің еліміздің Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігіне өтуіне қолдау көрсеткені үшін Түркияға алғыс айтты.

"Жаһандық сын-сынақтар мен қауіп-қатерлер арта түскен алмағайып заманда Қазақстан мен Түркия әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін күш жұмылдыруға дайын. Осы орайда біз ХХІ ғасырдың басты кеселі - терроризмге қарсы үзілді-кесілді тойтарыс беруге келістік. Елдеріміздің арасындағы әскери және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық орнықты дамуда", - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті мәдени-гуманитарлық саладағы екіжақты ынтымақтастық үнемі ілгерілеп келе жатқанын атап өтті.

"Келесі жылы Астанада "Болашақ энергиясы" тақырыбымен "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өтеді. Бұл ауқымды шара баламалы энергетика саласындағы инновация мәселесіне арналған. Мен бүгін Түркия басшылығын, бизнес өкілдерін және бауырлас түрік халқын осы шараға қатысуға шақырдым", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті сөзінің соңында Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарының әрі қарай нығайтудың әлеуеті зор екеніне тоқталды.

Сондай-ақ, біздің республикамыздағы қазақ-түрік лицейлерінің жұмысына қатысты мәселе де қаралып, тараптар өзара түсіністік тапты.

Режеп Ердоған Қазақстан Президентіне Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасын қалыпқа келтіруге күш салғаны және тарихы сапары үшін тағы да алғыс айтып, түрік халқы үшін күрделі болып отырған кезеңде мұндай қолдаудың дер кезінде көрсетіліп отырғанына тоқталды. Сонымен қатар, ол Нұрсұлтан Назарбаев Түркиядағы әскери төңкеріс жасау әрекетінен кейін бұл елге келген алғашқы мемлекет басшысы екенін атап өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети