Ердоған қазақстандық министрдің жасын естіп таңғалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Түркияға 10 министр барды. Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған қазақстандық министрлердің бірінің жасын естіп таңғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге Түркияға 10 министр барды. Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған қазақстандық министрлердің бірінің жасын естіп таңғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ердоғанның Қазақстан үкіметі мүшелерімен танысу сәтіндегі видеоны НеХабар Telegram-арнасы жариялады. Видеода Тоқаев Түрік басшысына қазақстандық министрлерді таныстырып жатқан сәті көрсетілген. Ердоған цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің қолын алып, әңгімелесті. 

Ресми құжаттарға қол қойылғаннан кейін президент сарайында Tengrinews.kz тілшісі Бағдат Мусинмен сөйлесіп, Ердоғанмен не жайлы әңгімелескенін сұрады. 

"Ол менің жасымды сұрады. Президент менің түрік тілін білетінімді айтты. Ол туралы да сөйлестік. Ол (Ердоған-еск.) мен жас екенімді айтты. Жасымды айтқанымда таңғалды", - дейді Мусин. 

Айта кетейік, Бағдат Мусин 39 жаста. Ол 2020 Жылдан бері министр лауазымында. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети