Ердоған Назарбаевқа: Біздің өңірдегі қақтығыстарды шешудегі талпынысыңыз үшін ризашылығымды білдіремін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ердоған Назарбаевқа: Біздің өңірдегі қақтығыстарды шешудегі талпынысыңыз үшін ризашылығымды білдіремін © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан мен Түркияны әрқашан бауырмалдық қарым-қатынас байланыстырған және бүгін қос тарап өз өңірлерінің өзекті мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының басшысы Режеп Таийп Ердоғанмен Ақордадағы кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Түркияны әрқашан бауырмалдық қарым-қатынас байланыстырған және бүгін қос тарап өз өңірлерінің өзекті мәселелерін талқылайды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының басшысы Режеп Таийп Ердоғанмен Ақордадағы кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"25 жыл бойында Қазақстан мен Түркияны бауырмалдық қарым-қатынас байланыстырды, проблемамыз болған емес. Соңғы келген сапарыңызда өзара қарым-қатынас, оның ішінде экономикалық қарым-қатынас бойынша бірқатар мәселелерді келіскен едік. Алдағы уақытта үлкен жұмыс атқаруымыз керек. Біздің өңірде өз проблемамыз бар, сіздің өңірде өз проблемаларыңыз, бүгінде осы мәселелерді талқылау мүмкіндігі туып отыр. Сіздің және Путиннің сұрауы бойынша сириялық дағдарысқа қатысты жұмыстар атқарылып жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Өз кезегінде Ердоған жылы қарсы алған қазақстандық тарапқа алғыс айтып, Астанаға тұңғыш рет келгенін, ал соңғы сапарында Алматыға келгенін айтып өтті. 

"Бұл жерді өзіміздің екінші үйіміз деп санаймыз. Қарым-қатынастарымызды барлық салада дамытуға тырысамыз, экономика, мәдениет, әскери және саяси алаңда. Елдеріміздің арасында тауарайналым 2 миллиард долларға жетті, бұл шегі емес, себебі бұл көрсеткішті 5 миллиардқа жеткізуді ойлап отырмыз. Бұл мақсатта Қазақстанның да, Түркияның да жеткілікті әлеуеті бар. Біздің өңірдегі қақтығыстарды шешудегі талпынысыңыз үшін ризашылығымды білдіремін", - деді Түркия президенті. 

Еске салайық, мұның алдында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Астанада 14 қыркүйекте өтетін сириялық келіссөздерде процесс қатысушылары келіссөздердің қорытындысын жасауы қажет екенін мәлімдеген болатын. 

Айта кетейік, Ердоған Қазақстанға үшкүндік сапармен келді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевпен келіссөздер өткізеді, сондай-ақ, Астанада Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ғылым мен технологиялар бойынша саммитіне қатысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети