Қазақстан Президенті Нұрсұлтан НазарбаевТүрік Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Режеп Тайып Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, зор денсаулық пен табыс тіледі.

Әңгіме барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективасын талқылады.
Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде, соның ішінде биылғы 4-5 шілдеде Астанада өткен Сирия мәселесі бойынша кезекті халықаралық кездесудің қорытындыларына қатысты пікір алмасты.
Президенттер Қазақстан мен Түркияның кең ауқымды бағыттар бойынша қарым-қатынасын одан әрі нығайту үшін сындарлы диалогты жалғастыру жөнінде уағдаласты.
Айта кетейік, бүгін, 6 шілдеде Қазақстан Президенті 77 жасқа толды.