Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен әңгімелесу барысында айтқан сөзі жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен әңгімелесу барысында айтқан сөзі жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түркия басшысының сөзін толық беруді жөн көрдік:
"Президент әрі менің бауырым, құрметті министрлер, аса құрметті делегация мүшелері, құрметті баспасөз қызметкерлері, сіздерге шынайы сәлемімді жеткіземін. Құрметті бауырым, Қазақстанның президенті, аса құрметті президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге алғашқы сапарымен келіп отыр. Мәртебелі қонақты елімізде қонақ қылу біз үшін үлкен бақты. Мен өзіне және қазақ делегациясына қош келдіңіздер деймін. Қазақстан біз үшін қалай атамекеніміз болса, Түркия қазақ бауырлар үшін екінгі үйі болып есептеледі. Танымал жазушы Яхия Билал Кеятлы атақты әдебиетші Фуат Көпірілге "Сен Ахмет Яссауиге қарап, біздің тамырларымызды сонда табасың" деген екен. Анадолыны бізге отан қылып тастап кеткендер Қожа Ахмет Яссауидің "Хикмет ошағында" жетілген ізбасарлары. Түркістан – тірі Яссауи жағып кеткен шамшырақтың жарығы ғасырлардан бері болғаны секілді бүгінгі күні де жолымызға жарық түсіріп тұр. Биыл біздің дипломатиялық қарым-қатынастарымыздың 30 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Жаңа ғана қол қойылған ортақ декларациямыз арқылы біз әріптестігімізді кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Түркия мен Қазақстан ортақ тарих, тіл, дін және мәдениет байланыстарынан күш-қуат алған мықты байланыстары бар бауырлас екі ел. Біз Түркия ретінде Қазақстанның тұрақтылығына және тыныштығына көп көңіл бөлеміз. Қаңтарда Қазақстанда болған қайғылы оқиғаларда болған қазаға байланысты көңіл айтамын", - деді Ердоған.
Сонымен қатар, Түркия басшысы жарақат алған азаматтарға шипа тіледі.
"Досымыз Қазақстан осы қиыншылықтан нығайып шықты деп есептеймін. Құрметті Тоқаевтың Жаңа Қазақстанның пішінделуіндегі ынта мен табандылығы мақтауға татиды. Осы шеңберде жүргізілген ауқымды реформа мен бағдарламаларына қолдауымды білдіремін. Қазақ бауырластарымыздың тұрақтылығы, тыныштығы және қауіпсіздігі үшін біз жауапкершілігіміздегі нәрселерді жасауға дайын екенімізді тағы бір рет атап көрсетемін. Әрі саяси, әрі сауда жағынан әскери-экономикалық мәдени жағынан барлық салада осы ұйымшылдығымызды жалғастырып, болашаққа иықтасып, мықты қадам басамыз деп ойлаймын.
Барлық шартта Қазақстандық бауырларымыздың қасында боламыз. Өткеннен болашаққа құрылған көпірімізді нығайта отырып, жолымызды бірге жалғастырамыз. Құрметті баспасөз қызметкерлері, құрметті президентпен өткізген кездесулерімізде біз қарым-қатынастарымызды жан-жақты түрде қолға алдық. Ынтымақтастығымыздың әрі екіжақты деңгейде әрі жан-жақты платформаларда одан ары дамытылуы және тереңдетілуі мүмкіндіктерін бағаладық. Түркия мен Қазақстан арасындағы сауда айналымы былтыр алдыңғы жылмен салыстырғанда 58 пайызға артып, 5,3 миллиард долларға жетті. Осылайша 5 миллиард доллар деп белгіленген нысанамызға қысқа уақытта қол жеткіздік. Енді құдай қаласа бірге қадам басып, осы қарқынмен 10 миллиард доллар мақсатына қол жеткіземіз. Ертең түрік іскерлерімен өткізетін жиналыс осы тұрғыдан пайдалы болады деп сенемін", - деді Түркия басшысы.
Ердоған түрік компанияларын Қазақстанға одан да көп инвестиция салуға ынталандыруын жалғастыратынын атап өтті.
"Біз кездесулерімізде транспорттан өзара инвестиция, қорғаныс өнеркәсібінен энергетикаға, білім беру және мәдениетке дейін көп түрлі алаңдардағы ауқымды ынтымақтастық әлеуетін көбірек пайдалау тақырыбында пікір алмастық және келістік.
Айрықша аймақтық және халықаралық мәселелерде пікір алмастық. Әсіресе Украинадағы жағдайдың аймақтық және халықаралық әсерін қолға алдық. Шамамен 19 миллиондық Қазақстан мен 85 миллион тұрғын саны бар Түркияның ұйымшылдығы қаншалықты маңызды болатынын сіздер де білесіздер. Әсіресе дағдарыстың Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығы негізінде бейбіт жолмен шешілуі бағытындағы біздің көзқарастарымыздың бір-біріне сай екенін көрдік. Сіздер де білесіздер, Украинадағы соғыс аяқталуы үшін біз бастапқы күннен бері тығыз жұмыстанып келеміз. Әрине, бұл соғыс түрік мемлекеттерінің әрі екіжақты деңгейде, әрі Түркі мемлекеттері ұйымының шаңырағы астындағы ұйымшылдығы мен ынтымақтастығының маңызын тағы бір рет көрсетіп берді. Құрметті бауырыммен бірге Түркі мемлекеттері ұйымымен бірге Біріккен Ұлттар ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы ұйымы және Экономикалық ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық платформаларда ұйымшылдығымызды жалғастыранымызға келістік. Біздің арамызда стратегиялық ынтымақтастық кеңеске байланысты жиналысымызды, құдай қаласа, қазан айында Қазақстанда жүзеге асырамыз.
Жаңа ғана сіздердің алдарыңызда қол қойылған келісімдер арқылы да біз қарым-қатынастарымыздың іргетасын нығайтатын қадамдар бастық. Осы көзқарастарды қорыта айтқанда бүгінгі сөзімнің аяғында біздің елдеріміздің арасына жақсылық әкелуін тілеймін. Атамекеніміз Қазақстаннан біздің елімізге келіп отырған президент, аса мәртебелі Тоқаев және оның құрметті делегациясына өз атымнан тағы бір мәрте алғыс білдіремін. Көп рақмет", - деді Түркия басшысы.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына мемлекеттік сапармен келген болатын. Түркия астанасы "Есенбоға" халықаралық әуежайында Қазақстан Президентін Түркияның вице-президенті Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин және басқа да бірқатар ресми тұлға күтіп алды.
Кездесу барысында екі ел басшылары бірнеше құжатқа қол қойды. Сонымен қатар, Тоқаев Ердоғанды Қазақстанға шақырды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!