27 қыркүйек 2021 17:33

"Ердоғанмен үнемі байланыстамыз" - Назарбаев

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elbasy.kz Фото: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Ұлы ұлттық жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Ұлы ұлттық жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның тұңғыш Президенті Түркістанда өтетін түркітілдес мемлекеттер жалпы отырысында Мұстафа Шентопқа нәтижелі келіссөздер жүргізуді тіледі.

Елбасы Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынастың 30 жылдағы даму динамикасын атап өтті және Шентоптан Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоғанға өзінің ізгі тілегін жеткізуді сұрады.

"Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мен қазақ-түрік ынтымақтастығының дамуы үшін жұмыс жасадым. Қазір біздің қарым-қатынас серпінді дамып жатыр. Біз президент Ердоғанмен үнемі байланыстамыз", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Мұстафа Шентоп жылы қабылдағаны үшін ризашылығын білдіріп, Елбасына Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның сәлемін жеткізді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети