“Ереже қатаң сақталып, тәртіп бұзылмауы тиіс" - Көлгінов қалаға кіріп-шығуға салынған тыйым туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Ереже қатаң сақталып, тәртіп бұзылмауы тиіс" - Көлгінов қалаға кіріп-шығуға салынған тыйым туралы © Александр Куприенко

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық блокпосттарының жұмысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қала әкімі Алтай Көлгінов қаланың барлық блокпосттарының жұмысын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Елордада 6 блокпост орнатылды. Олар Талапкер, Қараөткел (Ильинка), Қоянды, Қосшы, Жібек-Жолы елді-мекендері мен Нұр-Сұлтан-Петропавл автожолы учаскесінде орналасқан. Осы елді-мекендердің тұрғындары қалаға еш кедергісіз кіріп-шыға алады. Бұл елді-мекендер карантиндік аймақтың шекарасына енгізілді. Қалған тұрғындарға қалаға кіріп-шығуға 22 наурыз сағат 00-ден бастап тыйым салынады.

"Қалада карантин жарияланды. Барлық қабылданған шаралар бірінші кезекте азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жасалып отып. Көптеген адамдар жағдайға түсіністікпен қарайды, бұл қуантарлық жайт. Ереже қатаң сақталып,тәртіп бұзылмауы тиіс Демек, блокпостарда қатаң ережелер бар. "Жасыл дәліз" азық-түлікпен қамтамасыз ететін көліктер үшін ұйымдастырылды. Блокпостарда бақылау аймақтары мен қызмет көрсету пункттері орнатылған, барлық учаскелерде әскери қызметшілер, медицина қызметкерлері еңбектеніп жатыр. Санитарлық шаралар күшейтілді", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.


© Александр Куприенко

Қалада шұғыл штаб жұмыс істейді, коронавирустық инфекция анықталған жағдайға әрекеттер алгоритмі дайын. Азаматтарды - үйден қажетсіз шықпауға, барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети