Ерекше балалар туралы даулы видео: сот блогердің ісін қарады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерекше балалар туралы даулы видео: сот блогердің ісін қарады видео кадры

Астана сотында даулы видео жариялаған блогерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана сотында даулы видео жариялаған блогерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Бұған дейін әлеуметтік желілерде ата-аналардың наразылығын туғызған видео тарады. Онда блогер мүмкіндігі шектеулі балалардың дүниеге келуі "ата-анасының әрекеті үшін берілген жаза" екенін айтқан.

Кейін бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева блогердің сөздеріне құқықтық баға беру үшін Ішкі істер министрлігіне жүгінді.

Блогердің ұстанымы

Сот отырысында блогер кінәсін ішінара мойындаған, ол бейәдеп сөздер қолданғанын растағанымен, балаларды қорлау ниеті болмағанын айтты.

Сот шешімі

ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясында 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу көзделген.

ӘҚБтК 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамау қолданылмайды. Блогердің 2016 жылы туған кәмелетке толмаған баласы бар екені туу туралы куәлікпен расталды. Сот жауаптылықты ауырлататын мән-жайларды анықтамады.

"Құқық бұзушылықтың сипатын және жеңілдететін мән-жайдың болуын ескере отырып, О. ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза белгіленуге жатады. Соттың қаулысымен О.-ға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу туралы әкімшілік жаза тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети