Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа отырысында ата-аналардың өз балаларына белгілі бір тәртіп пен өмір салты стереотипіне баулитынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Дариға Назарбаева Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа отырысында ата-аналардың өз балаларына белгілі бір тәртіп пен өмір салты стереотипіне баулитынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әрине, ақпарат-түсіндіру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуі керек, мұнда да жауыр болған салауатты өмір салты, қалай тамақтану керек, қалай қозғалу керек, спортпен айналысу керек дегендер бар. Басқа министрліктермен біріге жұмыс істеу керек, осыған арнайы инфрақұрылым жасалуы керек, ересектерді де, балаларды да үйрету керек. Ересектерді де үйрету керек, себебі олардың тәртібі балаларға өтеді, балалары да кейін сол қателіктерді жасайды. Ересектер мен балалар дастархан басында отырған кезде де, балаларға лимонад пен сусындар құйылады, олар ересектермен денсаулық үшін бокал соғыстырады. Міне, осылайша оларға белгілі бір тәртіп пен өмір салтының стереотипін үйретеміз, бала күндерінен-ақ олар сөз сөйлеп, бокал көтеруді үйренеді. Сондықтан мұнда проблема бар ма? Бар", - деді Дариға Назарбаева.
Ол Қазақстан мектептеріндегі балалардың денсаулығының нашар екенін де атап өтті. "Жасөспірім азамат мектепті аяқтаған кезде, олардың 70 пайызының ауытқушылығы табылады. Бұл сұмдық статистика. Қайда бара жатқанымызды тіпті білмеймін де. Денсаулық сақтау жүйесін қамтамасыз ету мақсатында бар уақытымызды денсаулықты түзеуге ғана кетіретін кез де келетін сияқты", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Оның айтуынша, ауырудың сәнді емес әрі экономикалық тұрғыда пайдасыз екендігін көрсететін жүйе жасау керек. Осы мәселеде, оның ойынша, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жақсы жұмыс істеуі керек.