Еріген қар суының салдарынан Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еріген қар суының салдарынан Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды © kazavtodor.kz

Жайылма судың салдарынан Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жайылма судың салдарынан Қазақстанның үш облысында жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІД Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында жайылма судың арнасынан асуына байланысты облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды: "Рощинск-Корнеевка-Волошинка" (0-48 шақырым), "Булаев-Возвышенка-Молодогвардей-Киров-Қиялы-Рощинск" (205-229 шақырым).

Қостанай облысында қызыл судың тасуы мен жолдың су астында қалуына байланысты облыстық маңызы бар жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды: "Таран-Варваринка-РФ шекарасына дейін".

Ақтөбе облысында жердің қатты ылғалдануына байланысты республикалық маңызы бар жол учаскелерінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды: "Қандыағаш-Эмба-Шалқар-Ырғыз" (200-220 шақырым).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети