Ержан Бабақұмаров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Бабақұмаров Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы қаласы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Ержан Бабақұмаров қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келген. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Ол 1996 жылдан бастап мемлекеттік қызметте. ПӘ ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды. ҚР Президенті Әкімшілігінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі.

ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы ОКҚ директоры. Жауапты хатшы және мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметтерін атқарды. Соңғы жұмыс орны Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің талдау және болжау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети