Ержан Еркінбаев "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Еркінбаев "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы болды

Директорлар кеңесінің шешімімен Ержан Мәлікұлы Еркінбаев "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ержан Еркінбаев 1982 жылы 7 маусымда Жамбыл облысының Шу қаласында дүниеге келген. 

Қазақ мемлекеттік заң академиясын, РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын және Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған.

Түрлі жылдары жеке компанияларда жобалар жетекшісі, заңгер болып жұмыс істеген.

2009-2013 жылдар аралығында "Шымбұлақ" тау шаңғысы курортының бас директоры болып қызмет атқарған. 2013-2016 жылдары - "Медеу" спорт кешенінің бас директоры. 2016-2019 жылдары Алматы мемлекеттік зоологиялық паркінің директоры лауазымын атқарды.

Биылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети