17 ақпан 2020 | 12:51

Ержан Жылқыбаев еңбек вице-министрі қызметінен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Жылқыбаев. © primeminister.kz Ержан Жылқыбаев. © primeminister.kz

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қамту вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ержан Жылқыбаев еңбек және халықты әлеуметтік қамту вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Үкіметтің қаулысымен Жылқыбаев Ержан Жұматұлы еңбек және халықты әлеуметтік қамту вице-министрі қызметінен басқа жұмысқа ауысуы себебінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Ержан Жылқыбаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Леңгір қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған. 2006 жылы Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің бас сарапшысы болып тағайындалған.

2007 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бөлім басшысы болып еңбек еткен. 2009-2011 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары. 2011-2012 жылдары - Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012-2015 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы.

2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аймақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети