Ержан Қазыханов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ержан Қазыханов Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі елші болып тағайындалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы жарлығының мәтінінде "Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды", - делінген.
Осы жарлықпен Қайрат Қуатұлы Әбусейітов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Ирландия Республикасындағы, Исландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. Ол Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Сағиұлы Тәжиев Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.
Ұлыбритания елшісі қызметіне тағайындалғанға дейін Ержан Қазыханов ҚР Президентінің көмекшісі болды. Оған дейін дипломат ҚР Сыртқы істер министрлігін басқарды (2011 жылдың 11 сәуірінен 2012 жылдың 28 қыркүйегіне дейін).