26 қараша 2014 | 10:58

Ерлан Арын сот залында қамаудан босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Арын. ©static.nmn.kz Ерлан Арын. ©static.nmn.kz

Бүгін Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот залынан.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында облыстың бұрынғы әкімі Ерлан Арынға қатысты іс бойынша сот процесі аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі сот залынан.

Сот Ерлан Арынды ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлігі - "Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғалардың қызмет өкілеттігін теріс пайдалануы" бойынша айыпты деп тапты. Оны үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға үкім шығарылды. Сонымен бірге, соттың өкімімен ол "Құрмет", "Парасат" ордендерінен айырылады. Павлодар облысының экс-әкімі сот залында қамаудан босатылды.

"Мен үкімге ризамын. Жақсылық күттік, осының өзі де оң нәтиже болды", - деді үкім шығарылғаннан кейін Ерлан Арынның адвокаты Айжан Сабирина.

Еске сала кетейік, сотталушыға қатысты айыптаулар негізгі куәгер, өткен жылдың күзінде ақша бопсалап, ірі көлемде пара алғаны әшкереленген облыс әкімінің бұрынғы көмекшісі Бағұстар Сапаровтың жауаптары негізінде тағылған еді. Сотта өзіне келген күдіктен құтылу үшін Сапаровтың өз кінәсін мойындап келу қағазын жазып, онда аталған іс-әрекетті өз басшысының мүддесі үшін жасағанын баяндағаны анықталды. 

Алғашқыда тергеу Ерлан Арынға 10 эпизод бойынша айып тақты. Бірақ тергеу барысында екі айып қана қалды. Қорғаушы тараптың істі тергеуге қайта жіберу туралы өтінішін сот қабылдамай тастады. 

Сөйтіп, сотта кәсіпкер Илья Теренченкодан 1,6 миллион теңге алды деп айып қаралды. Бұл қаражат экс-әкімнің әйелі Ризат Арынға тиесілі Павлодардағы көпбейінді колледжге "Нива" автокөлігін сатып алуға жұмсалған-мыс. Тергеудің мәліметінше, осы оқу орнына екі "ГАЗель" көлігін сатып алу үшін тендердегі жеңіске жәрдемдесеміз және жалпы қорған боламыз деп, кәсіпкер Умлат Матиевтен 5,6 миллион теңге көлемінде пара алынған.

Сотта екі кәсіпкер де ақшаны Сапаровтың өзі ғана сұрағанын, ақшаны соған бергенін айтты. Бұған қоса, соттың бірінші күні Илья Теренченко материалдық талап қоюдан бас тартып, сотталушыға ешқандай кінә артпайтынын мәлімдеді. "Менің Ерлан Мұхтарұлымен ешқандай қарым-қатынасым болмады және оған ешқандай кінә қоймаймын", - деді Теренченко. 

Ол өзін жәбірленуші деп санамайтынын да айтты. "Сәуір айының басында облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары Арслан Әбдіқалықов менен ардагер үшін "Нива" автокөлігін сатып алуға демеушілік көмек көрсетуді сұрады. Игі ниетпен мен оған көмек көрсеттім. Мен өзімді жәбірленуші деп есептемеймін, бұл қайырымдылық болды, бұл қаражат маған шығын келтірген жоқ. Мен қаржы полициясына шағымданбадым. Онда мені шақырған болатын, сонда ғана бәрін білдім", - деді Теренченко. Өз кезегінде кәсіпкер Умлат Матиев те параны Сапаровқа ғана бергенін растады. 

Айта кетейік, Павлодар жұртшылығы экс-әкім өзінің қолы лас көмекшісінің теріс ниетінің құрбаны болды деген пікірде. Ерлан Арынның өзі де солай ойлайды. Оның айтуынша, өзіне қатысты іс қолдан жасалған, мұны пара бопсалау мен алу және кәсіпкердің қаржысын жымқыру дерегі бойынша дәлелдердің жоқтығы дәлел. 

Ерлан Арынның адвокаттары да тергеу барысында және сотта оған тағылған айыптардың расталмағанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, тергеу о баста айыптау ниетімен жүргізілді, басты куәгер Бағұстар Сапаров осы жылдың шілдесіне дейін айыптаушылар қатарында болды. Қорғаушы тарап ол Ерлан Арынға қасақана жала жапты деп есептейді. 

Еске сала кетейік, Ерлан Арын осы жылдың наурызында ұсталған болатын. Ол 2013 жылдың 20 желтоқсанында қаржы полициясы оның кеңесшісі Төлеген Бастеновты пара алды деген күдікпен ұстағаннан кейін Павлодар облысы әкімі қызметінен кетті.
 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети