Павлодар облысының бұрынғы әкімінің қорғаушылары оған тағылған айыптың расталмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, осыған дейін Ерлан Арынның да өзіне тағылған айыптармен келіспейтіні және кінәсін мойындамайтыны хабарланған болатын.
Павлодар облысының бұрынғы әкімінің қорғаушылары оған тағылған айыптың расталмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске сала кетейік, осыған дейін Ерлан Арынның да өзіне тағылған айыптармен келіспейтіні және кінәсін мойындамайтыны хабарланған болатын.
"Ерлан Арынға тағылған айып қисынсыз әрі негізделмеген. Айып алдын ала тергеуде де, соттың іс қарауында да расталмады", - деді қорғаушы Айжан Сабирина тараптарды қатар тыңдау барысында. "Менің көзқарасым бойынша, адамға мұндай ауыр айып тағу үшін айқын дәлел керек. Бұл тергеудің 10 ай бойы жүргізілгені аз болғандай, оның үстіне тергеу сапасыз жүргізілді. Нәтижесінде қылмыстық іс материалдарындағы он эпизодтың екеуі ғана қалды", - деді ол.
Сонымен қатар, Ерлан Арынның адвокатының сөзінше, тергеу ақша өндіру мен оны алу дерегін, онымен бірге кәсіпкерден ақша ұрлау дерегін дәлелдей алмады. "Тағылған айыпты заңсыз және ойдан шығарылған деп есептейміз. Сапаровтың (Бағұстар Сапаров - Ерлан Арынның бұрынғы көмекшісі - Авт.) барлық ақшаны менің қорғауымдағы адамның атын жамылып алған деп есептеуге негіз бар. Ал бұл Ерлан Арын бұл жағдайды білмеген. Айта кету керек, Сапаровтың өз кінәсін күдікді болғаннан кейін ғана мойындады. Ол жазадан құтылу үшін менің қорғауымдағы адамға жала жапқаны анық. Сотқа Ерлан Арын емес, Сапаров тартылуы керек еді. Оның өз қылмысын мойындауына келтірілген барлық деректер расталмады", - деп мәлімдеді Сабирина. Нәтижесінде қорғаушы дәлелдерге негізделе отырып, соттан бұрынғы әкімді айыпсыз деп танып, оның тыйым салынған мүлкін қайтару арқылы, сот залында босатуын сұрады.
Ерлан Арынның тағы бір қорғаушысы Күлжан Ержанова тергеудің біржақты айыптаумен жүргізілгенін айтты. "Тергеу Сапаровтың өз алынған жауабын бірнеше рет өзгерткеніне назар аудармады. 2013 жылдың желтоқсанынан 2014 жылдың шілдесі аралығында ол күдікті статусында болды. 1 шілдеде ол айыпталушы болып, сол күні одан жауап алынады, дәл осы күні оған қатысты тергеу мен қылмыстық іс тоқтатылады. Яғни мұның бәрі тергеудің біржақты айыптаумен жүргізілгенін тағы да бір рет дәлелдейді", - деді ол. Ержанова Ерлан Арынның көмекшісіне қатысты қылмыстық істің уақытынан бұрын тоқтатылғанын айтты. "Оған қатысты қылмыстық істің қайта жүргізілуі мәселесін көтеру керек, сонымен қатар жалған куәлік бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін көтеру қажет", - деді ол.
Еске сала кетейік, мемлекеттік айыптаушы Радимхан Дудаева Павлодар облысының бұрынғы әкімі Ерлан Арынды мүлкін тәркілеумен бірге бес жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Ерлан Арын осы жылдың наурызында ұсталды. Ерлан Арын 1,6 миллион теңге көлемінде қаржы жымқырды, сондай-ақ тендерде жеңу үшін 5 млн теңгеден астам пара алды деп айыпталған еді. Ол 2013 жылдың 20 желтоқсанында, қаржы полициясы оның көмекшісі Төлеген Бастеновты пара алды деген күдікпен ұстаған кезде Павлодар облысы әкімі қызметінен кетті.