Ерлан Әукенов уақытша Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Алматы әкімдігіндегілер растады.
Ерлан Әукенов уақытша Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Алматы әкімдігіндегілер растады.
Ерлан Әукеновтің бір жарым жылға Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебіне оқуға кеткені айтылады.
Ерлан Әукенов Алматы әкімінің орынбасары болып 2015 жылдың тамызында тағайындалған болатын. Ол индустриалдық-инновациялық даму, сауда, шағын және орта бизнесті дамыту, туризм және табиғатты пайдалану мәселелеріне жетекшілік етті.
Ерлан Әукенов 1984 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін аяқтаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Ұлыбританиядағы Бредфорд университетінде менеджер мамандығына оқып, мемлекеттік саясат магистрі атанған.
Түрлі жылдары "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингтің Активтерін басқару департаментінің директоры, білім және ғылым министрінің көмекшісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі департаментінің директоры, Шығыс Қазақстан облысында әкім аппаратында басқарушы қызметтерді атқарған, сондай-ақ, Қазақстан Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.