Ерлан Әукенов уақытша Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Әукенов уақытша Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті Ерлан Аукенов. © almau.edu.kz

Ерлан Әукенов уақытша Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Алматы әкімдігіндегілер растады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Әукенов уақытша Алматы әкімінің орынбасары қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті Алматы әкімдігіндегілер растады.

Ерлан Әукеновтің бір жарым жылға Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебіне оқуға кеткені айтылады.

Ерлан Әукенов Алматы әкімінің орынбасары болып 2015 жылдың тамызында тағайындалған болатын. Ол индустриалдық-инновациялық даму, сауда, шағын және орта бизнесті дамыту, туризм және табиғатты пайдалану мәселелеріне жетекшілік етті.

Ерлан Әукенов 1984 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін аяқтаған. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Ұлыбританиядағы Бредфорд университетінде менеджер мамандығына оқып, мемлекеттік саясат магистрі атанған.

Түрлі жылдары "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингтің Активтерін басқару департаментінің директоры, білім және ғылым министрінің көмекшісі, ҚР Білім және ғылым министрлігі департаментінің директоры, Шығыс Қазақстан облысында әкім аппаратында басқарушы қызметтерді атқарған, сондай-ақ, Қазақстан Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети