Ерлан Байжанов. ©liter.kz
"НҰР-Медиа" холдингінің бұрынғы басшысы Ерлан Байжанов Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы президиумы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының баспасөз қызметі Байжановтың қаңтардың 21-і күні тағайындалғанын хабарлады. Ерлан Байжанов "НҰР-Медиа" холдингінің бас директоры қызметінен қаңтардың 13-і күні босаған еді. Ол өзінің қызметтен кетуін жақсы ойластырылған әрі таразыланған шешім деп түсіндірген болатын. Байжанов өзінің медиаконсалтингпен және мемлекеттік органдар мен корпоративтік секторға арналған коммуникацияны дамытумен айналысатын "Медиа Консул" атты жаңа компанияда жұмыс істеуді жоспарлайтынын айтқан еді. "Бұл - әрі репутацияны басқару, әрі брендті дамыту, әрі дағдарысқа қарсы PR, әрі өңірлерге арналған консалтинг", -деген болатын ол. Байжанов "НҰР-Медианы" 2011 жылдан бастап басқарды. 2011 жылы ол "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі, атқарушы директор қызметтерінде де болды. 2008-2010 жылдары Байжанов "Арна Медиа" мемлекеттік холдингіне жетекшілік етті. 2007-2008 жылдары ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болды. Мұның алдында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде жұмыс істеді, Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы өкілетті өкілі, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды. Ерлан Байжанов М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі, филолог. 1989 жылы журналистика теориясы бойынша диссертация қорғаған. Ол - Еуразия телевизия және радио академиясының академигі, ТМД елдері, Грузия және Балтия бас редакторлар клубының мүшесі.
"НҰР-Медиа" холдингінің бұрынғы басшысы Ерлан Байжанов Қазақстан кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы президиумы төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының баспасөз қызметі Байжановтың қаңтардың 21-і күні тағайындалғанын хабарлады. Ерлан Байжанов "НҰР-Медиа" холдингінің бас директоры қызметінен қаңтардың 13-і күні босаған еді. Ол өзінің қызметтен кетуін жақсы ойластырылған әрі таразыланған шешім деп түсіндірген болатын. Байжанов өзінің медиаконсалтингпен және мемлекеттік органдар мен корпоративтік секторға арналған коммуникацияны дамытумен айналысатын "Медиа Консул" атты жаңа компанияда жұмыс істеуді жоспарлайтынын айтқан еді. "Бұл - әрі репутацияны басқару, әрі брендті дамыту, әрі дағдарысқа қарсы PR, әрі өңірлерге арналған консалтинг", -деген болатын ол.
Байжанов "НҰР-Медианы" 2011 жылдан бастап басқарды. 2011 жылы ол "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі, атқарушы директор қызметтерінде де болды. 2008-2010 жылдары Байжанов "Арна Медиа" мемлекеттік холдингіне жетекшілік етті. 2007-2008 жылдары ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болды. Мұның алдында Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде жұмыс істеді, Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы өкілетті өкілі, ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрінің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Ерлан Байжанов М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі, филолог. 1989 жылы журналистика теориясы бойынша диссертация қорғаған. Ол - Еуразия телевизия және радио академиясының академигі, ТМД елдері, Грузия және Балтия бас редакторлар клубының мүшесі.