Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды

Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттіктің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Бекхожин "Хабар" агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі агенттіктің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Мұның алдында Ерлан Бекхожин Президент Телерадиокешенін басқарған болатын.

Ерлан Қалижанұлы Бекхожин 1963 жылы 6 мамырда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін бітірген. 1994-1997 жылдары - "Хабар" агенттігі ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі, "Жеті күн" ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. 1998-2003 жылдары - Қазақстан Республикасындағы "Мир" халықаралық телерадио компаниясының директоры. 2003-2009 жылдары "Литер-Медиа" ЖШС бас директоры, "Литер" және "Айқын" газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы. 2009 ақпан айынан бастап ҚР Президенті телерадио кешенінің бас директоры қызметінде болған.

Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының академигі, Ресей және Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, "Жылдың үздік журналисі" номинациясы бойынша "Алтын Жұлдыз" сыйлығының лауреаты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети