Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Алматыда болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Алматыда болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ақтөбеде болған терактіге қатысты пікір білдірген кезімде мен экстремизм мен терроризм қатерінің ұзақмерзімді тренд екенін айтып өткенмін, радикализмнің белгілерімен әлі де бетпе-бет келуіміз мүмкін. Яғни қоғам мен мемлекет ұзаққа созылатын күреске дайындалуы тиіс. Мұндай қатермен біз ғана соқтығысып отырған жоқпыз", - деді Қарин.
Сарапшы әлеуметтік желі қолданушыларының неліктен бірінші кезекте полицейлер оққа ұшады деген пікіріне қатысты сөйледі.
"Facebook немесе WhatsApp желілерінде "қорықпаңдар, радикалдар күш құрылымдарына ғана шабуыл жасайды" деп айтылып жатыр. Өкінішке қарай, бұлай емес. Радикалдарға бірінші кезекте қару керек, сондықтан полицейлер бірінші шабуылға ұшырайды. Бұл барлығына төнетін қатер. Сондықтан күш құрылымдарына қолдау білдіруіміз керек - олар терроризммен күресте алдыңшы шепте", - дейді саясаттанушы.
Еске салайық, 18 шілдеде 11.00-де Алмалы аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасалып, бір полицей жарақат алған болатын, осыдан кейін қылмыскер автомат қаруын алып, жасырынған еді. Осыған дейін Алматыда Алмалы аудандық ІІБ маңы қоршауға алынған болатын. Куәгерлердің айтуынша, Никольский базарының аумағында атыс болып жатыр. Бұл жерде аудандық полиция басқармасы орналасқан. Сонымен қатар, куәгерлер көрші ғимараттардағы адамдарды кеңселерінен шығармай отыр екен. Таяу маңда орналасқан кеңседегілердің айтуынша, 10 рет оқ атылған. "Бастапқыда тапаншамен бір-бірден оқ атылды, кейін жылдам атыла бастады. Белгісіз біреу қолына автомат ұстап алып, Байтұрсынов көшесінің бойымен жүгіріп өтті, кейін артынан полицейлер қуды", - дейді олар.