08 қаңтар 2018 | 14:05

Ерлан Қарин Назарбаев пен Трамп кездесуінің маңыздылығын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ярослав Радловский © Ярослав Радловский

Саясаттанушы Ерлан Қарин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Америкаға барған соң Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың қалай өзгеретінін айтып берді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Саясаттанушы Ерлан Қарин Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Америкаға барған соң Қазақстан мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастың қалай өзгеретінін айтып берді, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Президентінің АҚШ-қа сапары маңызды оқиға болады. Қазақстан Президенті Ақ үй басшысы Дональд Трамп өзі күтіп алатын шетелдік көшбасшылардың арасында алғашқылардың бірі болмақ. Бұл сапар Қазақстан-Америка ынтымақтастығының әрі қарай дамуы үшін маңызды болады. Сондай-ақ, АҚШ-тың Орталық Азиямен қарым-қатынасына әсерін тигізеді", - деді Ерлан Қарин кездесу барысында.

Саясаттанушының айтуынша, бұл сапардың бірнеше маңызы бар.

"Иә, Қазақстан өңірлік мемлекет болып саналады, дегенмен де Қазақстан түрлі халықаралық пікірталастарға белсенді түрде қатысып жатыр. Сондықтан да біздің президентіміздің Америка басшысымен кездесуі осы мәселенің өзектілігін арттыруға мүмкіндік береді", - деді Ерлан Қарин.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Президенті Владимир Путиннің АҚШ-қа сапарының алдында Қазақстан Президентінің Трамппен ресми кездесу өткізуіне қатысты пікір білдірді.

"Шетелдік көшбасшылардың сапарлары мен кездесулері уақытты белгілеуде қиын процесс туғызады. Талқылаулар түрлі каналдар бойынша жүргізіледі: дипломатиялық, хаттама қызметі және тағы сол сияқты. Бұл өте қиын процесс. Яғни, мұнда келіссөздер бір аптада немесе екі аптада, тіпті бір айда жасалмайды. Кем дегенде жарты жылда", - деп түсіндірді саясаттанушы.

Сонымен қатар, Ерлан Қарин былтыр жазда Дональд Трамп пен Нұрсұлтан Назарбаевтың телефон арқылы сөйлесіп, алдағы кездесуді талқылағандарын айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети