ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Президент Жолдауының тосыннан жасалуы жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Президент Жолдауының тосыннан жасалуы жөнінде түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жалпы геосаяси жағдайлар өзгеріп жатыр, айтарлықтай жағымсыз сыртқы, экономикалық, геосаяси өзгерістер болып жатыр. Соған байланысты қандай да бір жылдам әрекеттерді қолға алудың қажеттілігі туды. Жария етілген Жолдау - Қазақстан үшін алдағы кезеңге арналған жаңа күн тәртібі, ол 2015 жылға ғана емес, Қазақстанның дамуындағы белгілі бір жаңа кезеңге арналған. Біздің жай ғана үн қата отырып, әрекет ете алмайтынымыз белгілі. Болуы мүмкін жағымсыз салдарларды азайту үшін бізге қазір белгілі бір іс-әрекеттерді қолға алу керек, ал жағымсыз әсерлер қазірдің өзінде байқалып отыр", - деді Қарин журналистерге Еуразия көлік интеграциясына арналған халықаралық конференцияның үзілісінде.
"Жолдаудың тәртібі біреулерге төтенше жайт болып көрінген шығар, бірақ ол Үкіметтің, мемлекеттік органдардың және қоғамның күш салуын ширату үшін ширақ сипатта жасалды. Дағдарысқа арналған күн тәртібі белгіленді. Мемлекет пен қоғамды үйлескен, тиімді өзара әрекет етуге бағыттау үшін бұл мейлінше дұрыс тиімді жағдай болды деп ойлаймын", - деді саясаттанушы.
Ол өзі үшін кешегі Жолдаудың болады деп күткен, солай бола тұра, тосын болғанын мойындады. Қариннің айтуынша, Назарбаев Жолдау арнайтынын қыркүйек айында-ақ тілге тиек еткен еді, бірақ көпшілік оған мән бермеген сияқты.
"Тұтас алғанда, біз соңғы күндері, соңғы апталарда, айларда түрлі геоэкономикалық және геосаяси процестердің қарқын ала бастағанын көрдік, әсіресе, Украина, Таяу Шығыс периметрлері бойынша шиеленіскен түрлі жанжалдар. Бұған қоса, айтарлықтай жағымсыз экономикалық фон қалыптасты - мұнай бағасының төмендеуі мен экономикалық өсімнің бәсеңдеуі және санкциялық соғыстар. Бұл жағдайда Қазақстан сол жаһандық экономикалық-саяси процестердің қатысушысы ретінде оқиғалардың қалай өрбитінін күтіп отырмай, өз жоспарын, қалай әрекет етудің нұсқаулығын жасауға тиіс болды", - деді Ерлан Қарин.
Саясаттанушының пікірінше, Мемлекет басшысының өз Жолдауын мерзімінен бұрын жария етуіне Қазақстанның халықаралық аренадағы ролінің өзгеруі себеп.
"Кешегі Жолдау - келешектегі әрекеттердің бір алгоритмі. Бір жағынан ол Қазақстан ролінің өзгергенін көрсетіп отыр. Өйткені егер біз оқшау мемлекет болып қала берсек, алдымыздан жедел әрекет ету қажеттілігі тумас еді, бірақ соңғы уақытта саяси әрі экономикалық тұрғыдан еліміздің ролі өзгерді. Біз халықаралық күн тәртібін ескере отырып, жаңа ұлттық стратегияны қабылдап жатырмыз", - деді Қарин.