Ерлан Қожағапанов ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сот алдына келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Қожағапанов ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен сот алдына келді Ерлан Қожағапанов. Фото: primeminister.kz

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс сотқа берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс сотқа берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Сенат отырысының кулуарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді.

"Іс аяқталды. Қожағапанов пен мердігер ұйым басшысы сотқа берілді – сот процесі жалғасып жатыр. Мұнда аса ірі көлемде қаржы жымқыру мәселесі қаралып жатыр", – деді Құрақбаев Сенат кулуарында журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Құрақбаевтың айтуынша, іс бойынша келтірілген шығын өзгеріссіз қалған және 1 миллиард теңгеден асады.

"Сот жүріп жатыр, қазір аяқталу сатысында деп ойлаймын. Біз оған айып тағып отырған баптың санкциясы бойынша, қателеспесем, 7 жылдан 12 жылға дейін қарастырылған. Бірақ, сот барлық мән-жайды ескере отырып шешім шығарады деп ойлаймын. Сот ашық өтіп жатыр", - деп қорытындылады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.

Еске салайық, 2024 жылғы наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын тергеу шараларының нәтижесінде бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрін ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстағаны белгілі болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети