НАУРЫЗДЫҢ ТОЙЛАНУЫ. 21 НАУРЫЗ

Ерлан Қошанов: Әлеуметтік мемлекет – Президент саясатының негізгі басымдығы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі ҚР Мәжілісінің баспасөз қызметі

Қазақстанда әр іс-әрекеттен заң мен тәртіпке деген құрмет көрініп тұратын әлеуметтік мемлекеттің айшықты бейнесі айқындалып келеді. Бұл туралы Президенттің реформаларын іске асыруға арналған Мәжілістің жалпы отырысында Палата спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда әр іс-әрекеттен заң мен тәртіпке деген құрмет көрініп тұратын әлеуметтік мемлекеттің айшықты бейнесі айқындалып келеді. Бұл туралы Президенттің реформаларын іске асыруға арналған Мәжілістің жалпы отырысында Палата спикері Ерлан Қошанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, 2022 жылғы 16 наурызда дәл осы залда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға "Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы" атты тарихи Жолдауын жариялады.

Ол әлем үшін де, Қазақстан үшін де алмағайып, күрделі сынақтардың кезеңінде Президенттің сөздері елдің еңсесін көтеріп, рухын оятып, ұлтымызды ұйыстырғанына назар аударды.

"Шын мәнінде, Жаңа, Әділетті Қазақстан қол жетпес арман емес. Ол – халқымыздың талап-тілегінен, қоғамның сұранысынан туындаған қажеттілік, өмірдің шындығы. Ал, реформалар жай ғана заңды өзгерту емес, тұтас мемлекет пен қоғамның болмыс-бітімін жаңарту, жаңғырту", – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс спикері Қазақстанда 30 жыл бойы суперпрезиденттік басқару формасы қолданылып, оның соңы күрделі саяси дағдарысқа алып келгенін еске салды. Үш жыл бұрын елімізде басқару жүйесінің бұрынғы қағидаттары толықтай қайта қаралып, билік тармақтары арасында тиімді теңгерім орнатылған мүлде жаңа мемлекеттік-саяси жүйе қалыптастырылды.

"Әр іс-әрекеттен заң мен тәртіпке деген құрмет көрініп тұратын әлеуметтік мемлекеттің айшықты бейнесі айқындалып келеді. Осы сәттен бастап Әділетті Қазақстан жай ғана ұран емес, нақты мүмкіндікке айналуда", – деді Мәжіліс спикері.

Ерлан Қошанов үш жыл ішінде жүргізілген реформалар аясында әлеуметтік әділдік қағидаттарын жүзеге асыратын бірқатар маңызды заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында заңсыз алынған активтерді қайтару, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғау туралы, "Ұлттық қор — балаларға" және басқа да заңдар бар. Жуық арада ғана өткен Құрылтайдың кезекті отырысында Мемлекет басшысы тағы да бірқатар жаңа міндет қойды.

"Біз мүлде жаңа, сәт сайын құбылып, өзгеріп жатқан тарихи дәуірде өмір сүріп отырмыз. Ал, тарихта екінші мүмкіндік деген болмайды. Халық, ұлт ретінде соны түсінуіміз керек. Жарқын болашақ дегеніміз – тағдырдың жәй ғана сыйы емес. Біздің адал еңбегіміздің, төккен теріміздің өтеуі болатынын жадымыздан шығармайық. Бұл жолда ұлт болып, жұрт болып жұмылып, бірге жұмыс істеуіміз керек", – деді Ерлан Қошанов.

Елдегі реформалардың қазіргі жағдайына Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев пен Мәжіліс депутаттары өз бағаларын берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro