Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды

Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Қошанов Amanat партиясының төрағасы болып сайланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Amanat партиясының кезектен тыс съезінде барлық саланы монополиясыздандыру аса маңызды жұмыс екенін айтты. Ол осы үдерістен саяси жүйе де сырт қалмауы керек деп ойлайды. Тоқаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн.

"Яғни, саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл менің айқын ұстанымым. Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күшке тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділдік орнауына жол ашады. Партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады. Қазір ұйым Мәжілісте және мәслихаттарда едәуір басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктердің жұмысына қатаң бақылау жасай алады. Президент партия қатарынан шыққанымен ұйымның стратегиялық бағдары өзгермейді деп ойлаймын. Аманат – еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым ретінде қала беретіні анық. Саясаттағы сабақтастық сақталып, партия ел игілігі үшін жасап жатқан істерін жалғастыра береді", - деді Президент Amanat партиясының кезектен тыс съезінде сөйлеген сөзінде.

Мемлекет басшысы осы орайда партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынатынын айтты.

"Мен партия төрағасы лауазымына Ерлан Қошановты ұсынамын. Оны баршаңыз жақсы білесіздер. Ерлан Жақанұлының ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәжірибелі әрі білікті азамат", - деді Президент.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Amanat партиясынан шыққанын мәлімдеген болатын. 

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда Amanat партиясының кезектен тыс съезі өтіп жатыр. Жиынға әр өңірден келген делегаттар қатысып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети