Ерлер әйелдерге қарағанда өз өміріне көбірек қанағаттанады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ерлер әйелдерге қарағанда өз өміріне көбірек қанағаттанады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ерлер әйелдерге қарағанда өзінің өмірімен көбірек қанағаттанады сәйкесінше 58,8 пайыз және 54,9 пайыз. Солтүстік-Қазақстан облысында ерлерде ең көп бос уақыты - 5 сағат 44 минут белгіленсе, Жамбыл облысындағы ерлерде ең аз бос уақыт - 3 сағат 58 минут болуы белгіленді.
Өңірлер арасында ұйқыға орта есеппен бәрінен жоғары Жамбыл облысының тұрғындары - 9 сағат 48 минут, ал төмен көрсеткіш Оңтүстік Қазақстан облысының (Түркістан облысы) тұрғындары - 8 сағат 42 минут уақыт жұмсайды.
Қазақстандағы әйелдер үй күтіміне (ас әзірлеу, кір жуу, ыдыс жуу, жинастыру және т.б.) орта есеппен күніне 4 сағат 48 минут жұмсайды.
Ауылды жерде тұратын халық (62,2 пайыз) қалалы жерде тұратын халыққа (53,2 пайыз) қарағанда өзінің өмірімен көбірек қанағаттанған.