ПОДЕЛИТЬСЯ
29 наурыз 2021 | 09:16
Ермахан Ибраимов AIBA-да жаңа қызметке тағайындалды
Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) Директорлар басқармасының дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандықты өзінің басқарушы органдарының мүшесі қызметіне тағайындады. Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді, ал Сиднейдің Олимпиада чемпионы, Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагерлер мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан бокс федерациясы сайтындағы мәлімет бойынша, жаңадан тағайындалған қазақстандықтарға хаттарды AIBA президенті Омар Кремлев жолдады; Жолдауларда ол олардың білімі мен тәжірибесі ұйымның дамуына құнды үлес қосатынына сенім білдірді және танысып, бірлескен жұмысты бастау мүмкіндігін күтетінін атап өткені айтылады.
Азия бокс конфедерациясы да қазақстандықтарға кездесулерге байланысты құттықтау жолдапты.
Бұл 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA басқарушы органдарына тағайындалған алғашқы қазақстандықтар. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін комиссияларда біздің алты отандасымыз жұмыс істеді. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссия таратылып, қазір жаңадан құрылып жатыр.
Айта кетейік, Ермахан Ибраимов биыл қаңтарда Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатына депутат болған еді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также