1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Ермахан Ибраимов пен Жансая Әбдімәлік Алматы мәслихаты депутаты болды 14 қаңтар 2021, 11:08

Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді. Олардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен белгілі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Nur Otan партиясынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімі бекітілді. Олардың арасында бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов пен белгілі шахматшы Жансая Әбдімәлік бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Nur Otan атынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімінде 29 адам бар.

Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі - 31 пайыз, жастардың үлесі - 24 пайыз болды. Орташа жас - 43 жас, құрамы 5 жылға жасарды.

Nur Otan атынан Алматы мәслихатына депутаттар тізімі:

1. Ақанова Әсия Айқанқызы - Алмалы ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығының және "Күміс ғасыр" ҚҚ директоры.
2. Авершин Константин Викторович – "Мен-алматылықпын" НҚ көшбасшысы.
3. Әбдімәлік Жансая Даниярқызы - қазақстандық шахматшы, халықаралық спорт шебері және әйелдер арасындағы гроссмейстер.
4. Әділханов Мұрат Әділханұлы - "Көктем групп ЛТД" басқарма Төрағасы.
5. Байтасов Арманжан Мерекеұлы - Tanmedia Group директорлар кеңесінің төрағасы.
6. Бекенова Гүлжан Мырзалықызы - "№169 мектеп-лицейі" КММ директоры.
7. Білісбеков Асқар Ерғалиұлы - "Алматы" ӘКК" АҚ басқарма Төрағасы.
8. Бөлекбаева Райхан Чантқызы - Д.Қонаев атындағы колледж директоры.
9. Грачев Михаил Владимирович - "ДСУ-13" АҚ директоры.
10. Есматов Серік Аманжолұлы - параолимпиялық спортшы, волейболдан ҚР жастар құрамасының экс-капитаны.
11. Жүдебаев Арман Әділханұлы - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры.
12. Зулеев Мұхтар Махамбетұлы - "Good food KZ" ЖШС директоры.
13. Ибрагимова Ләззат Еркенқызы  - "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы.
14. Ибраимов Ермахан Сағиұлы - бокстан Олимпиада чемпионы, "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК директоры.
15. Канкуров Станислав Владимирович - Nur Otan Алматы МФ төрағасының бірінші орынбасары.
16. Қасымов Ерболат Болатұлы – "Айсұлтан"холдинг компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы.
17. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы - Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің хатшысы, "ақпараттық-ресурстық орталық" ҚҚ директоры.
18. Кодасбаев Алмат Тұрысбекұлы - ШЖҚ "Қалалық кардиологиялық орталық" МКК бас дәрігері, "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы.
19. Құдайберген Қайрат Құдайбергенұлы - Q3 Worldwide инвестициялық холдингінің директоры.
20. Құрманбек Әсел - "Green Works" ЖШС құрылтайшысы.
21. Нәбиев Әміржан Әміржанұлы - "Атрикс-Строй" ЖШС директоры.
22. Садықов Болат Нұрмырзаұлы - №5 "қалалық клиникалық аурухана" МКК бас дәрігері.
23. Сәрсенбай Қали Қошқарұлы - "Алматы ақшамы" газетінің бас редакторы.
24. Талбидинов Есенгелді Закирханұлы - "Жол-Транссервис-2006" бас директоры.
25. Тау Нұрымбек - Daco motors KZ директоры.
26. Өмірбаева Зәуреш Әбілғожанқызы – Алматы қаласы "Кәсіподақ орталығы "Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы.
27. Финогенов Максим Владимирович - DWS group компаниясының директоры.
28. Шардинов Шухрат Ахметжанұлы - "АЗМК" бас директоры.
29. Шимашева Рахат Сейдахметқызы - Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!