Ішкі істер министрлігі Астана қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЕЦ 166/10 мекемесінің лауазымды тұлғаларының сотталған Т.А. Ермегияевке жақтаушылық көрсетуі және жазасын жайлы өтеуіне жағдай жасауы дерегі бойынша қызметтік тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

Биылғы 20 желтоқсанда ІІМ бұйрығымен заңдылықты бұзуға жол берген және қызметтік тәртіпті бұзған 16 лауазымды тұлға түрлі тәртіптік жазаға тартылған, оның ішінде біреуі теріс уәжбен ішкі істер органдарынан қызметтен босатылған, 12-сі қызметінен босатылған.
"ІІМ ҚАЖК төрағасы әділет полковнигі А.Х.Базылбеков пен оның орынбасары әділет поковнигі Б.Т.Төремұратовқа қызметке толық қызметке толық сәйкессіздігі туралы ескертілді. Қылмыстық-атқару жүйесі бөлімшелерінде жазаның орындалу жағдайына, жұмыстың ұйымдастырылуына жаппай тексеріс жүргізіліп жатыр, оның ішінде өзге қызметтермен өзара әрекеттістік те бар, сондай-ақ, жеке құрамның заңдылықты сақтауы мен қызметтік тәртіпке тексеріліс жүріп жатыр", - деп хабарлады Алмас Сәдубаев.
Сонымен қатар, Астана қалалық сотының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, 2017 жылдың 16 желтоқсанында Алматы аудандық №2 соты ҚАЖК ЕЦ-166/10 Мекемесі басшысының орынбасары Талғат Мұсаевқа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қараған.
"Сот қаулысымен Талғат Мұсаевқа қатысты екі айға, яғни 2018 жылдың 15 ақпанына дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.