Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгінде шамамен 300 қазақстандық азаматтың шетелде діни білім алып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүгінде шамамен 300 қазақстандық азаматтың шетелде діни білім алып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Олардың бір бөлігі Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылардың бағытымен кеткен, олардың жартысынан көбі - біздің батыс облыстарымыздың азаматтары. Ал кейбір студентер оқуын бітіріп келеді, ал кейбіреулері сол күйі шетелдегі оқуын бітірмей қайтып келіп жатыр, - деді Нұрлан Ермекбаев.
"Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасындағылардың бағытымен емес, керісінше, өз еркімен кетіп, сол жақтағы күмәнді оқу орындарына түсіп қалған студенттермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі: елшілікпен, дипломаттармен, ҚМДБ өкілдерімен. Бірақ кеткендердің көпшілігі Қазақстанға өз еркімен оралады", - деді Нұрлан Ермекбаев.
Сондай-ақ, министр шетелдегі студенттермен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілетінін айтып өтті.
"Студенттердің көбі қайтып келді - мұнда да білім алуға болатынын түсінді. "Нұр-Мүбарак" университетінде студенттер үшін барлық жағдай жасалған. Бір жаққа барып, түрлі қауіп-қатерге барудың керегі жоқ", - деді министр.
Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, діни білім алу үшін өз еркімен және аяқасты шетелге барудың қажеті жоқ.