Эротикалық видео көрсеткен: Бишімбаев тағылған айыпқа қатысты өз нұсқасын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эротикалық видео көрсеткен: Бишімбаев тағылған айыпқа қатысты өз нұсқасын айтты ©️ Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Сотта сотталушы Қуандық Бишімбаев куәлік беріп жатыр. Бұл жолы экс-министр эротикалық видео эпизоды туралы айтып өтті. Тергеу мен айыптаушы тарап нұсқасы бойынша, оны Салтанат Нүкеноваға көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотта сотталушы Қуандық Бишімбаев куәлік беріп жатыр. Бұл жолы экс-министр эротикалық видео эпизоды туралы айтып өтті. Тергеу мен айыптаушы тарап нұсқасы бойынша, оны Салтанат Нүкеноваға көрсеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айғақтар беру кезінде Бишімбаев, тергеу мен айыптау нұсқасы бойынша, ол жұбайы Салтанат Нүкеноваға "порнографиялық мазмұндағы бейне" көрсеткен деген деректі еске салды.

"Маған аноним нөмірден Telegram-арнаға сілтеме келді: "Қараңыз, мұнда әйеліңізге ұқсайтын адамды көресіз". Бұл түнде болатын, мен жанталасып қарай бастадым, бір эротикалық видеоны көрдім. Қыз өте ұқсас. Беті көрінбейді, бірақ қатты ұқсайды (Салтанатқа – еск.). Әрине, мен (елемей – еск.) қоя алмадым. Не істер едім? Мен оны көрсеттім де: "Кешір, маған неге мұндайды жібереді" дедім", – деді Қуандық Бишімбаев.

Сотталушы әйелінен ол видеода бар-жоғын түсіндіруді сұрағанын айтты. Оқиға Бишімбаевтың айтуынша, олардың үйлену тойынан шамамен 10 күн өткен соң болған.

"Отбасылық өміріміз осылай басталды. Мен өзі емес екенін айтқан уәждерін қабылдадым (видеодағы - еск.). Кейбір айырмашылықтар бар екені анық болды, бірақ дерек болды", - деп қосты Бишімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети