Ертең күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ертең күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады © qyzylordakz.wordpress.com

Ертең күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биылғы Рамазан маусымның 18-нен шілденің 16-на дейін жалғасады. Оразаның жалпы уақыты - 29 күн.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ертең күллі мұсылман үшін қасиетті Рамазан айы басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Биылғы Рамазан маусымның 18-нен шілденің 16-на дейін жалғасады. Оразаның жалпы уақыты - 29 күн.

Астана әкімдігінің мәліметінше, Рамазан айы кезінде елордада түрлі қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, кешкі ас беріледі. Сонымен қатар, ораза кестесінің 50 мың данасы таратылады.

"Астана қаласының Дін басқарамысының хабарлауынша, ораза уақыты кезінде елордада қарттар үйіне, балалар үйіне және көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету акциялары өткізілетін болады. "Әзірет Сұлтан" және "Нұр Астана" мешіттерінде 400-500 адамға арналған ауыз ашар ұйымдастырылады", - дейді әкімдіктегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін биыл Қазақстан бойынша пітір садақаның құны жан басына 200 теңге болып белгіленгені хабарланған еді. Ораза айттың бірінші түні 16 шілдеден 17 шілдеге қараған түні болады, Ораза айт үш күнге жалғасады.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети