Ертең Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф Қазақстанға ресми сапармен келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ертең Пәкістан премьер-министрі Наваз Шариф Қазақстанға ресми сапармен келеді Наваз Шариф. © nm.tj

26 тамызда Пәкістан Ислам Республикасының Премьер-министрі Наваз Шариф Қазақстанға ресми сапармен келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Сапар барысында екіжақты келіссөздер өтіп, бірқатар құжатқа қол қойылмақ.

Сонымен қатар, 27 тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД елдері мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бас прокурорларымен кездесуі жоспарланған. Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасында Қазақстан Президенті сондай-ақ осы күні МАГАТЭ бас директоры Юкия Аманоны және АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Сэм Наннды қабылдайтыны айтылады. 

Ал 28 тамызда Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия Президенті Томислав Николичпен кездеседі.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының сол күні ел Конституциясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференцияға қатысуы жоспарланып отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети