Ертең Руслан Берденов ісі бойынша сот үкімі шығады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ертең Руслан Берденов ісі бойынша сот үкімі шығады Видео кадры, instagram.com/ruslan_berdenov

Ертең Шымкент сотында Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасады деп айыпталған Ернар Жиенбайға қатысты үкім шығуы тиіс. Дау тудырған қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы екі апта бұрын басталған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін айыпталушы Ернар Жиенбай сотта соңғы сөзін айтты. Ол өз әрекеттерін қасақана ауыр дене жарақатын келтіру бабына қайта саралап, жасаған ісіне өкінішін ескеріп, бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

"Мен – отбасымның жалғыз асыраушысымын, кәмелетке толмаған екі ұлым және науқас әкем бар", – деді ол соңғы сөзінде.

Одан кейін судья Әбінұр Қарабаев кеңесу бөлмесіне кетті.

"Үкім ертең, сағат 12:00-де жарияланады. Бірақ бұл нақты емес. Мүмкін, түстен кейін жариялаймыз", – деді судья.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети