Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

"Ертіс" футбол клубының экс-басшысы сотта жауап беруде

11 Шілде 2014, 18:00
0
 Хәлімжан Ержанов ©Vesti.kz
Хәлімжан Ержанов ©Vesti.kz

Павлодарлық "Ертіс" футбол клубының экс-директоры Хәлімжан Ержанов сот алдында жауап беруде. Соттың бірінші отырысы бүгін Қостанай қаласында өтті. Ол ірі көлемде пара бергені үшін айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Ресми ақпаратқа сәйкес, Ержанов Қостанай қаласының денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып жүрген кезде сыбайлас жемқорлыққа жол берген. 2014 жылы маусымның 20-сы күні "Қостанай қаласы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бұрыңғы жетекшісі Ержанов қаржы полициясының облыстық департамент инспекторына 6 мың доллар көлемінде пара берді. Бұл ақша оған қатысты тексеріс бойынша оң шешім шығарылсын деп берілген. Осыған байланысты "Ірі көлемде пара беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Ертіс" клубының экс-басшысы өз кінәсін мойындады. Сондықтан барлық материалдар қысқа уақыттың ішінде сотқа жіберілді.

Ержановтың айтуынша, оны түсініктеме беруге шақырған кезде ол параны берген. Сол кезде құқық қорғау органдары "Қостанай қаласы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 85 миллион теңге көлеміндегі бюджет қаражатын қалайша игергенін тексеріп жатқан. Мекеме басшысы Ержанов барлық ақша Қостанай аквапаркі қызметкерлерінің жалақысына және нысанды күтіп ұстауға жұмсалды деп айтқан. Ал әкімдік заңгерлері тиісті құжаттарда ол қаржының спорттық шараларға жұмсалатынын көрсеткен. Сол себепті бюджет қаражаты мақсатсыз жұмсалып жатыр деген күдік туындады. Ержанов бірде-бір тиынды өз қалтасына салмағынын айтып отыр. Оның сөзіне қарағанда, барлық мәселе құжаттарды дұрыс толтырмаудан басталған. Оны қамауға алған жоқ. Әзірше, оған ешқайда шығуға болмайды.  

Айта кетейік, мамырдың 18-і күні "Ертіс" футбол клубының басшылығына шабуыл жасалған болатын. Лифттен шығар жолда клубтың техникалық директоры Болат Ысқақов пен бас директор Хәлімжан Ержановқа белгісіз біреулер жабылып, соққыға жыққан. Соның салдарынан Ысқақов басынан қатты жарақат алды. Ал Хәлімжан Ержанов аурухана қызметінен бас тартты.

Бір айдан кейін осы қылмысқа қатысы бар деген төрт адам ұсталды. Олардың ішінде ұйымдастырушы мен атқарушылар бар. Барлығы - Павлодар қаласының тұрғындары. Жастары - 28-30 шамасында. Екеуі бұған дейін қарақшылық пен адам өлтіргені үшін сотталған болатын. Қылмыскерлер бетперде киіп, шабуыл жасаған. Күдіктілердің біреуі маусымның 13-інде қолға түссе, қалғаны 14-15-і күндері ұсталған болатын. 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай