"Ертіс орманы" резерватындағы өрт аумағы 850 гектарға жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ертіс орманы" резерватындағы өрт аумағы 850 гектарға жетті Павлодар облысының баспасөз қызметі ұсынған сурет

Павлодар облысында "Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағындағы орман өртіне қатысты жаңа ақппарат шықты. Оның аумағы 600-ден 850-ге жуық гектарға дейін ұлғайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 329 адамы мен 101 техникасы, су төгетін құбырлары бар екі МИ-8 ұшағы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бір "Еврокоптері" жұмылдырылған.

Павлодар облысының баспасөз қызметі ұсынған сурет

"Сағат 5:13-те Семейден Қорғаныс министрлігінің екі су төгетін МИ-17, МИ-171 ұшағы келді. Сағат 7:30-да nөтенше жағдайлар министрі мен облыс әкімі аймақты бақылап шықты. Өрттің белсенді фазасы Бауыртау орманшылығының 98-ші орамында болып жатыр", - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Еске салайық, бұған дейін "Ертіс орманы" орманшылығында шыққан өрттің Ресей Федерациясына өту қаупі бары айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети