Ержан Еркінбаев Kazakh Tourism компаниясына басшы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ержан Еркінбаев Kazakh Tourism компаниясына басшы болды

Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ердан Еркінбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Ердан Еркінбаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ержан Еркінбаев 1982 жылы 7 маусымда Жамбыл облысында дүниеге келген. Бұрындары Еркінбаев Алматыдағы хайуанаттар паркінің директоры болып жұмыс істеді, "Медеу" спорт кешенін және "Шымбұлақ" тау-шаңғылы курортын басқарды.

2002-2009 жылдары Capital Partners компаниялар тобында жұмыс істеді. Ақтау және Атырау қалаларында Халықаралық қонақ үй кешендерін дамыту бойынша жобалардың жетекшісі болды, компанияның басқарушы директоры болып жұмыс істеді, білім беру саласындағы халықаралық жобалар департаментін басқарды.

Үйленген, екі баласы бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

Осыған дейін, Kazakh Tourism ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін Рашид Күзембаев атқарды.

Kazakh Tourizm ұлттық компаниясы 2017 жылдың шілде айында Қазақстанның туристік саласын дамыту үшін құрылды. Оның функциясына Қазақстанды халықаралық туристік дестинация (туристерге арналған аймақ) ретінде ілгерілету, Қазақстанның туристік брендін кәсіби басқару, маркетинг стратегиясын қалыптастыру және іске асыру кіреді.

Сондай-ақ, компания келу және ішкі туристерді тартумен, туристік индустрияға сыртқы және ішкі инвестициялардың ағынын ынталандырумен айналысады, инвестициялық жобаларға миноритарлық негізде қатысады және туристік сала үшін білікті мамандар даярлау және басқа да мәселелер бойынша орталықтар құрады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети