Есеңгіреп қалдық: Bek Air өкілдері неге түсінік бермегенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Есеңгіреп қалдық: Bek Air өкілдері неге түсінік бермегенін айтты

Bek Air компаниясының өкілдері ұшақ апатқа ұшыраған алғашқы күндері неге үнсіз болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Bek Air компаниясының өкілдері ұшақ апатқа ұшыраған алғашқы күндері неге үнсіз болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мен бұрындары (әуекомпаниясын - авт. түсіндірмесі) басқарғанмын, енді қайтып келуге тура келді. Алғашқы күндері есеңгіреп қалдық, сол себепті екі күн бойы эфирге шықпадық. Оқиға орнында болдық, үйінділерді тазартуға көмектесіп, жауап бердік", - деді Bek Air компаниясының басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов арнайы конференция кезінде. 

Осыған дейін Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр Алматы маңында болған ұшақ апатына байланысты Bek Air тарапынан түсіндірме болмауына шүйлікті. 

"Олардың БАҚ алдына шықпағаны іске жарамайды. Олар қаза тапқан жолаушылардың отбасына қандай көмек көрсетіліп жатқаны, ары қарай не істейтіндері туралы айтуы керек", - деді Скляр. 

10 қарашадан бері әуекомпания 19 мың әуебилеттерін сатқанын айтты. Осыған дейін тоғыз мыңға жуық билет қайтарылды немесе басқа әуекомпаниясының рейстерін брондаған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети