"Есеңгіреп қалдық". Бозымбаев вице-министр Сәдібековтің ұсталуы жайлы

Видеодан алынған кадр

Энергетика министрі ?анат Бозымбаев вице-министр ?ани С?дібеков пен Энергетика министрлігі департаменті директорыны? ?сталуына ?атысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Энергетика министрі Қанат Бозымбаев вице-министр Ғани Сәдібеков пен Энергетика министрлігі департаменті директорының ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің министрліктің вице-министрі мен департамент директорының ұсталуы бізді әбден есеңгіретіп тастады, бірақ, меніңше, қазіргі уақытта барлық мәселемен тергеу органдары мен осы адамдардың адвокаттары айналысуы керек", - деді Қанат Бозымбаев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, ведомство басшысы тергеу процесіне қатысты пікір білдіруге құқы жоқ екенін айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Өз тарапымнан министрліктің ештеңе білмейтінін айтқым келеді. Себебі іс материалдары тергеу органдарында, сондықтан да біз осы мәселе бойынша ешқандай пікір білдіре алмаймыз", - деді министр.

Еске сала кетейік, осыған дейін энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков пен бірнеше лауазымды тұлға жемқорлық дерегі бойынша ұсталғаны хабарланған еді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкерлері Энергетика министрлігінің бірнеше лауазымды тұлғасын ұстады. Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков "Аймақ" ЖШС мердігерлік ұйымының басшысы Д.Дуанбекпен біріге отырып, бюджеттен аса ірі көлемдегі қаражатты жымқырған. Ол қаражат Щучинск-Бурабай курорттық орнында өзенді тазалауға арналған қаражат болған. Осы қылмысқа Энергетика министрлігінің департамент басшысы Ж.Нұрбеков мен мердігер компанияның өкілдері С.Жұмалинов мен Б.Қадырберлин қатысқан. Сәдібеков қол қойған жалған актілердің нәтижесінде Энергетика министрлігі 2017 жылы орындалған жұмыстардың үлкен көлемі үшін 3,6 миллиард теңге төледі. Осы сомадан 1 миллиард теңгеден аса ақша қолма-қол төлемге айналдырылған. Тексеріс кезінде бұл ақшалар тәркіленді", - делінген еді ведомствоның хабарламасында.

Ал кеше, 5 наурызда вице-министр Ғани Сәдібеков екі айға қамауға алынған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама