Есеп комитеті 808 миллиард теңгенің заңбұзушылықтарын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Hеспубликалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Жаңбыршинге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұл - өткен жылғы заңбұзушылықтардың жалпы соммасы. Соның ішінде, республикалық бюджеттің 196 миллиард теңгесі бар. "Осы орайда атап өтер жәйт, 808 миллиард теңге бұл талан-таражға салынған ақшаның көлемі емес. Ол соманың басым бөлігі процедуралық сипатқа ие. Мәселен, құрылыс пен сәулет заңнамасын бұзу, я болмаса, конкурстарды өткізу мерзімін орындамау және тағысын тағы. Оның барлығы бюджеттің шығындалуына себеп болған жоқ", - деді бүгін комитет басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Бүгінде заңбұзушылықтар бойынша анықталған сома екі есе өсті. Комитет басшысы оны бақылаушы мамандардың көбеюімен байланыстырып отыр. "Бүгінде бақылаушы мамандардың саны 44-тен 77-ке дейін артты. Осының нәтижесінде заңбұзушылықтардың ауқымы бес есеге кеңейді", - дейді Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.